Бүгін Түркістан қалалық орталық ауруханасының мәжіліс залында республикалық референдумға байланысты “Amanat” партиясы Түркістан қаласы “Салауат” бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.
Кездесуге “Amanat” партиясының Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғаппар Амантайұлы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдык бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаевтар қатысып референдум бойынша өздерінің пікірлерін білдірді.

“Референдум бірлігімізді бекемдейтін айтулы саяси оқиға. Бұл реформалардың мәні еліміздегі демократияны нығайту, азаматтардың мемлекет ісіне араласу мүмкіндігін арттыру болып табылады. Сондықтан, Президентіміз Ата заңға енгізілген өзгерістерді халықтың талқысына салып, көпшіліктің шешіміне сүйеніп қабылдауды көздеп отыр. Бұл әрине ең әуелі халықтың игілігі үшін жасалып жатқан өзгерістер екені сөзсіз. Мемлекет басшысының бастамаларын қолдай отырып, баршаңызды бірігіп “Жаңа Қазақстанды” құруға шақырамын!”, деді “Amanat” партиясының Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев.
Шапағат ҒАЙБУЛЛА.
