Қ.Р ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ АБИЛФАС ХАМЕДОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

910 көрілім

Бүгін Түркістан қаласындағы “Ақ жайық” музыка мектебінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Абилфас Хамедовпен кездесу өтті. Жиында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев модераторлық етіп, жүргізіп отырды.

Мәжіліске Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Шарипа Пірімбетова, Қарнақ ауылдық өзбек ЭМБ-нің төрағасы Бекзат Хабибов, Түркістан облыстық славян ЭМБ-нің мүшесі Ирина Чеганова, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация Кеңесінің мүшесі Жанат Таукеева, “Ассамблея жастар” РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшесі Айбар Мырзагелді және қоғам белсенділері мен бақ өкілдері қатысты.

“Бүгін облысымызға арнайы іс сапармен келіп, еңбек ұжымдарымен және қоғамдық институттар өкілдерімен кездесіп, өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстармен танысу, ой-пікір алмасу мақсатында Қ.Р Мәжілісінің депутаты Абилфас Хамидов келді. Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этностарды қазақ халқының маңайына топтастырып, басты құндылықтарымыз татулық пен достық, бірлік пен ынтымақты дамытуда теңдесі жоқ институт ретінде бүгінде өз міндетін жемісті атқарып келеді”, деді А.Өсербаев.

Кездесуге келген қонақтар өз пікірлерін білдіріп, сөз сөйледі. Ендігі кезекте келген қонақтар тарапынан мәжәліс депутатына сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар айтылды.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы