9 мамыр жеңіс күніне орай аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауданының әкімі соғыс ардагерлері Шәміл Тагив пен Мырзахмет Жылысбаевты арнайы барып құттықтады.
Созақ ауылында тұратын Шәміл Тагиев 98 жасқа келген. Бүгін 99 жасқа қадам басып отыр. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік сый-сияпат тарту етті. Шәміл Тагиев өмірінен сыр шертіп, соғыс жылдарын, Қазақстанға жер аударылған сұрапыл 37 жылғы оқиғалар туралы айтты.
Сызған ауылында тұратын 96 жастаға Мырзахмет Жылысбаев шаңырағында да той. Жеңісті жақындатқан Мырзахмет Жылысбаевтің ұл-қыздары, немере- шөберелері бұл күні қара шаңырақта бас қосып, өткен кеткенді еске алады. Соғыс ардагері өткен тарихтан сыр айтып, ұрпағына өнегелі әңгіме айтады. Аудан басшысы Мұхит Тұрысбековтің арнайы құттықтауына ризашылығын білдірген Мырзахмет Жылысбаев, еліміз аман жұртымыз тыныш болсын деген тілегін білдірді.
-Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын, сіздердің отан қорғау жолындағы жанқиярлық ерліктеріңізді ел ұмытпайды. Елдің тілекші батагөй қариясы болып жүре беріңіздер. Маған беретін тапсырмаларыңыз болса, мені ауылға шақырыңыздар»,- деді аудан басшысы.
Созақтық қос соғыс ардагері Шәміл Тагив пен Мырзахмет Жылысбаевқа жер бір миллион теңга ақшалай сыйлық, демеушілер есебінен үш жүз мың теңге мен мерекелік сый- сияпат табыс етілді. Сондай-ақ тыл еңбеккерлері, Чернобыль апатына қатысушылары, Ұлы отан соғысының жесірлеріне, ауған соғысы ардагерлеріне де ақшалай сияпат табысталды.
СОЗАҚТЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТТЕЛДІ
718 көрілім
