“ДАРА КІТАПХАНАШЫ-ДАНА КІТАПХАНАШЫ” АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

1  148 көрілім

Түркістан қаласында, облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен “Дара кітапханашы-дана кітапханашы” атты облыстық кітапханашылар байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты кітапхана саласының кәсіби құндылықтарын сақтауға жәрдемдесу және кітапханашылардың шығармашылық бастамаларын дамыту және ынталандыру. Сонымен қатар, шығармашылық әлеуетін және кәсіби шеберлігін дамыту, кітапхананың беделін көтеру болып табылады.

Байқауға ақпаратттық-ағартушылық жұмыспен айналысатын облыстық, қалалық, аудандық кітапхананың барлық құрылымдық бөлімшелерінің кітапханашылары мен ауылдық кітапханашыларыда қатысты. Сайыс “Кітапхананың жаңа келбеті”, “Менің кітапханам, мен кітапханашымын”, “Ұстаздан шәкірт озады”, “Креативті экспресс байқау” деп аталатын төрт кезеңнен өтті.

Жарыста төрелік етіп, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бөлімінің басшысы Заңғар Бахтиярұлы, Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы, «Түркістан» газетінің редакциясы меңгерушісі Ләззат Қаныбекқызылар қатысты.
Түлкібас ауданы,Шұқырбұлақ ауылдық кітапхана қызметкері, Қаламқас Абдыхалыққызы III-орынға ие болса, Төлеби ауданы, Әңгірата ауылдық кітапхана қызметкері, Гүлзия Балабекқызы II-орынды қанжығасына байлады.

Жүлделі I-орынды Сарыағаш аудандық орталық кітапхана қызметкері, Жазира Байділлақызы жеңіп алып, Отырар ауданыдық орталық кітапхана қызметкері, Мадина Пернеханқызы бас жүлдеге ие болды. Әділ қазылар алқасы кітапханашыларды төрт кезең бойынша өнерлерін саралап, өз пікірлерін айтып, сый-сияпаттарын беріп, марапаттады.

“ТҮРКІСТАН” АҚПАРАТ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы