ТҮРКІСТАНДА “AMANAT” ПАРТИЯСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫНА АТҚАРУШЫ ХАТШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

871 көрілім

Бүгін Түркістан қалалық әкімдігінің мәжіліс залында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев және Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы Мақсат Асылбекұлы және қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен мәжіліс болып өтті.

Мәжілісте партияның Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы лауазымына Ғаппар Сәрсенбаев тағайындалды. Бұған дейін осы қызметте 13 жыл абыроймен еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан Темірбаев Алмасбек Мейірбекұлына алғыс айтылды.

Сәрсенбаев Ғаппар Амантайұлы
1974 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Мамандығы бойынша экономист. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі.
Сондай-ақ Шымкент Академиялық инновациялық университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Түркістан «Жолаушы» АҚ келісімшарт арқылы Президент көмекшісі болып бастаған.
1998-2006 жылдары Түркістан «Жолаушы» АҚ келісімшарт арқылы атқарушы директоры қызметін атқарған. 2006 жылы Түркістан қалалық автовокзал директорының орынбасары, 2007-2013 жылдары «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қараушысы, қорықшысы және инспекторы лауазымдарын атқарған. 2015-2016 жылдары V шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы, 2016-2021 жылдары VI шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы болған.

Кездесуде Б.Тәжібаев қалалық партия филиалының жанынан референдумды қолдау бойынша құрылған штабтың алда атқарылуы тиіс жұмыстарды айтып, еліміз үшін маңызды кезеңде жауапкершілікпен бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы