ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

1  466 көрілім

Бүгін, Түркістан қаласындағы “Жеңіс” саябағында 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күніне орай мерекелік жиын болып өтті. Шараға шahар басшысы Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан облысының әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облыстық Қорғаныс Істері бойынша департаментінің бастығы Нұрмаханбет Бексейтұлы қатысты.

Сонымен қатар, мерекелік шараға Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбаймбетов, Түркістан қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбдіхан Әбдіқадіров және қала қонақтары мен қоғам белсенділері қатысты.

“Отанға адал қызмет етіп, оны қорғау баршамыздың парызымыз, міндетіміз болып табылады. Бүгінде еліміз дамудың тұрақты жолына түсіп, еңсесі көтерілген еңселі елге айналды. Түркістан облысында да ауқымды істер жүзеге асырылып, ел әлеуеті көтеріліп келеді. Осы күнге жеткеніміз үшін соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне басымызды иеміз. Аға буынның еңбектері мәңгілік ұрпақтардың жадында сақталады. Баршаңызды жеңіс күнімен құттықтаймын!”, деді Түркістан облысының әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өз сөзінде.

Бүгінгі айтулы мерекеге орай гүл шоқтары қойылып, қоғамға еңбегі сінген азаматтар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, арнайы сахналық қойылым қойылды. Әсем ән шырқалып, мың бұралған бишілер көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы