«БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН» ШАРАСЫ ӨТТІ

1  184 көрілім

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында қаладағы «Ботақан» балабақшасында «Бірлігіміз жарасқан» атты тақырыпта мерекелік іс-шарасы болып өтті. Бұл айтулы шараның орны бөлек, бүгінгі мереке – қоғамымыздың ең үлкен күші байлығы және болашағы – бірлік мерекесіне арналып отыр. Татулығы мен ынтымағы жарасқан мемлекетіміздің рухани орталығы саналатын Түркістанда 30-дан астам ұлт өкілдері ынтымағы жарасып, бірлікте өмір сүруде. Олардың Отаны біреу – ол тәуелсіз Қазақстан деп біледі.
Аталмыш балабақшада өткен шараның негізгі мақсаты балалардың бірлік, ынтымақ, татулық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға атсалысатын азамат болуға тәрбиелеу. Елімізде халықтардың ынтымақта, бірлікте тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт – дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт – саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету болып табылады.


«Ботақан» балабақшасында өткен мерекелік іс-шарада барлық топтың ата аналары арнайы келіп, бүлдіршіндерінің өнеріне тәнті болды. Балалар әр ұлттың өнерін, биін, салт-дәстүрі мен мәдениетін көрсету арқылы сайысқа түсті. Сайысқа «Даму» мектебінің директоры Салтанат Мадалиева, «КАНО» бірлестігінің өкілі Галина Нұрсейтова, Б.Момышұлы атындағы №22 мектептің мұғалімі Ақбаян Тұрсынбаевлар қазылық етті.
Шарада «Ботақан» балабақшасының меңгерішісі Айжан Мұстафаева сөз сөйлеп, шараға жиналғандарды мерекемен құттықтап, ата-аналарға алғысын білдіріп, сайысқа қатысқан бүлдіршіндерге сәттілік теледі.Қаламызда көптеген ұлт өкілдері «бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай» тату-тәтті өмір сүріп, Қазақстанның өркендеп өсуі үшін аянбай еңбек етуде. Қол жеткізіліп отырған табыстарамыз бен жетісіктеріміздің барлығы қоғамымызда орнаған ауызбіршілік пен ынтымақтастық, жарқын болашаққа деген сенімнің нәтижесі, дейді өз сөзінде Айжан Мұстафаева.


Сонымен шарада барлық топтың ата аналары белсенді қатысып, шара көркін қыздырды. Әр топ жеке киіз үй тігіп, әр ұлттың ұлттық тағамдары, киімі, қолөнер бұйымдары таныстырылды. Ата аналар «бірлігіміз жарасқан» деген ұранмен, әр ұлттың өз ерекшеліктеріне сай сайысқа түсті. Сайыс барысында әр ұлттың биі биленіп, әні шырқалып балалармен бірге ұлттық ойындар ойналды. Сайыста өз белсенділіктерімен көзге түскен «Сүйкімділер» тобы Бас жүлдені иемденсе, «Айжұлдыз» мектепалды даярлық тобы 1 орынды, «Жауқазын» тобы 2 орынды, «Назқоңыр» тобы 3 орын иеленді. Барлық топтың бүлдіршіндеріне сыйлықтар мен ойыншықтар тапсырылды.

Алтынай ҚҰЛМАНОВА,
«Ботақан» ЖШС балабақшасының тәрбиеші.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы