МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ – ҚАЛБАТЫР АНАРБАЙ

877 көрілім

Қаладағы М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектептің 11 сынып оқушысы Қалбатыр Анарбай Байқоңыр қаласында өткен ғарышкерлер күніне орай, ұйымдастырылған Халықаралық «А» класы бойынша таэквандодан І-ші орынды иеленіп, мектебіміздің абыройын асқақтатып келеді.
Қалбатыр Анарбайдың жетістігі 2021 жылы Шымкент қаласындағы Халықаралық турнирде ІІІ орын, Алматы қаласында Халықаралық «Жеңіс» клубының жүлдесіне арналған турнирден ІІ орыннан көрінді. Сонымен қатар, 2022 жылы Азия чемпионатына іріктеу жарысында 3 орын иеленіп, ҚР-ның құрама командасына енді. Қалбатырдың негізгі мақсаты алдағы тамыз айында Монғолияның Уланбатур қаласында өтетін Азия біріншілігінде топ жарып, олимпиада чемпионы болуды жоспарлап отыр.
Қалбатыр Анарбайдың спорттағы жеткен жетістерін ауызтолтырып айтуға болады. Қазіргі таңда мектебіміздің мақтанышына айналуда. Өзінен кейінгі жастар Қалбатырдың батырлығы мен батылдығына қызыға қарайды. Сонымен бірге, бойындағы ерекше қабілетіне таңданыс білдіріп, үлгі алуды мақсат тұтады. Отанға деген патриоттық сезім осындай бүлдіршіндердің білімге әрі білуге деген құштарлығынан басталады. Тәлім мен білімді бірге алып жүрген Қалбатырдай азаматымыз бен біздер де мақтанамыз. Алдағы уақытта алар асу мен биік белестері арқылы міндетті түрде жетістіктері жеңісті әрі жемісті бола түсетініне сенім білдіреміз.
А.ТӨЛЕГЕНОВА,
М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы