ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ САПАЛЫ БІЛІМ, САНАЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУГЕ КҮШ САЛЫП КЕЛЕМІЗ

768 көрілім

«Бір жылға жоспар құрсаң – егін ек, жүз жылға жоспар құрсаң ағаш ек, ал мәңгілік мұратты көздесең – ұрпақ тәрбиеле», – дегендей бала жауапкершілігі зор, салмағы ауыр міндет. Өйткені, бүгінгі жас буын ел болашағының ертеңгі кілті. XXІ ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтың дәуірі. Оған лайық болу қазіргі жаһандану процесіндегі кез келген мемлекеттің негізгі ұстанымы. Ендеше, біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың бастауы – оның жүрегі де, тірегі де педагогтар қауымы деп білеміз.  Бүгінгі «Алтын ұя» айдары бойынша Жүйнек ауылдық округіндегі А.Югнаки атындағы жалпы орта мектебін беруді жөн көрдік. Осыған орай, мектеп директоры Файзиева Дилмира Патшаханқызымен тілдескен едік.

Дилмира Патшаханқызының мәлімдеуінше А.Югнаки  мектебі 2000 жылға дейін «Коммуна» орта мектебі болыпты. 2000 жыл сәуір айында А.Югнаки деген атау берілген. А.Югнаки – 13 ғасырда өмір сүрген ақын, ойшыл болған деседі. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Аталмыш мектеп 1985 жылы салынып, 1176 орынға лайықталған екен. Қазіргі таңда 1600-ге жуық оқушы білім алуда. Оқушылар екі ауысыммен оқыса, сабақтар қазақ және өзбек тілдерінде оқытылады. Мектепте 241 қызметкер жұмыс істейді. А.Югнаки мектебінде 3 шебер, 34 зерттеуші, 65 сарапшы, 78 модератор бар.

Жақында мектеп қайта жаңартып, қабырғалары гүлдерге толып, оқу ордасы көз тартарлықтай болып өзгерген. Мұғалімдер ізденуді тоқтатпай, өз білімдерін шеберлікпен шыңдап, биік шыңнан көрініп келеді екен. Мектеп оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда, байқауларда жүлделі орындардан көрініп, ел мерейін асқақтатып келеді. Оқу жылында бірқатар оқушылар ерікті түрде зияткерлік сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Атап айтар болсақ: Облыстық «Ұлы дала баласы» байқауына 2-11 сыныптан 173 оқушы қатысып, 173 оқушы бірінші орынға ие болған. Ал, ресупбликалық «Ұлы дала баласы» байқауына 2-11 сыныптан 107 оқушы қатысып, 107 оқушы бірінші орыннан көрінген. Ал, «Алтын қыран» интеллектуалдық байқауына 2-11 сыныптарынан 300 оқушы қатысып, 300 оқушы жүлдегер атанса, 10 оқушы бас жүлдеге ие болыпты. Облыстық «Алтын ұрпақ» байқауына 2-11 сыныптан 516 оқушы қатысып, 18 оқушы бас жүлдеге ие болған. «Каникулда кітап оқимыз» марафонына 3 оқушы қатысып, 2 сынып оқушысы С.Хусниддинова жүлделі 3 орыннан көрінсе, бас жүлдеге 9 сынып оқушысы А.Зейдінәби мен 2 сынып оқушысы У.Хамид ие болған.

А.Югнаки атындағы жалпы орта мектебінің 2018-2019 жылы ҰБТ көрсеткіші 71,8 пайызды құраса, грантқа 22, алтын белгіге 4 оқушы ие болған. 2019-2020 жылы ҰБТ 72,5 пайыз, грант 25, алтын белгі 4, 2020-2021 жылы ҰБТ 82 пайыз, грант 32, алтын белгіге 10 оқушы ие болыпты. Облыстық пәндік олимпиадалардың қорытындысына сәйкес, өзбек тілі бойынша 10 сынып оқушысы Г.Тохтабаева 3 орын алса, пән мұғалімі Ш.Атаханова, биология пәні бойынша 9 сынып оқушысы Д.Бабаханова 3 орыннан көрінген, пән мұғалімі С.Хамидуллаева.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты кезекті Жолдауында өз халқына: Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз деп атап өтті. Онда тек мемлекет апаратын жаңғырту емес, бүкіл қоғам, әрбір адам өзгеруі керектігін баса айтқан болатын. Әр азамат еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуға ұмтылуы қажет, – деп айтқандай, А.Югнаки атындағы жалпы орта мектебінде Президенттің Жолдауын негізге ала отырып, көптеген жұмыстар жасалуда екен. Мектепте айтарлықтай жетістіктер жеңістер, өзгерістер өте көп. Мектеп басшысы «Мың бала» жобасын қолға алып, ұжымды ұйымдастыра отырып, жүзеге асыруда.

«Мың бала» жобасының оқу тәрбие үрдісінде қолданудың тиімділігі, осы оқу жылының қазан айынан бастап мектеп өзінің тәрбие саласында азаматтық патриоттық тәрбиені негізге ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласынының «Дарын» өңірлік орталығының директоры Майра Жанарқызының «Мың бала» жобасын эксперименттік алаң ретінде жүргізу мақсатында іс-шара жоспарлары негізінде осы жобаны енгізуді қолға алып отыр. Бұл жобаны енгізудегі басты мақсаты жасөспірімдер арасында белен алып келе жатқан құқық бұзушылықпен күресу мақсатында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағыттау болып табылады. Нарық заманда ата-аналарының қадағалауынсыз қалған балаларды мектепке тарту жұмыстары арқылы ата-анаға моралдық-рухани көмек көрсетуді мақсат тұтып отыр. Бұл жобаның мақсаты оқушыларды сабақтан тыс кезде мектеп жанынан ашылған орталықтарға тарту. Бұл оқушылардың бос уақытында ана-аналарының қарауынсыз қалған сәттерінде құқық бұзушылық орын алмауын және пайдалы істермен айналысып, қабілеттерімен дарынын ұштай түсуіне жағдай жасау тұрғысында семинар өткізілген.

Бұл семинарда осы жоба жөнінде талдау жұмыстары мен мектепке ендіру көрсеткішін анықтау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде мектеп ұжымы осы жобамен жұмыс жасау қажеттілігі мен мүдделілігін анықтап, осы жобаны іске асыруға барлық мүмкіндіктерінің жететініне көз жеткізіп отыр. Мектепте 1500 бала жеті орталыққа толығымен бөлінген. Орталықта оқушылар 12 деңгейге бөлінген. Жалпы, осы жоба барысында мектептегі барлық 150 мұғалімге 10 баладан бөліп берген. Бұл бойынша 10 мұғалім бөлініп, оқушының сабаққа қатысуына, тәртібіне, қоғамдық жұмыстарға араласу бағыттары бойынша жұмыс жасап, бақылау жүргізіп келеді. Осы жоба негізінде мектепте 7 орталық ашылған. Әр орталық мына бағыттар бойынша бөлініп отыр. «Жас патриот», «Кемел келешек», «Адамтану», «Табиғат әлемі», «Ғылыми зерттеу», «Спорт әлемі», «Өнер әлемі» орталықтары. Бұл «Мың бала» жобасының негізгі мақсаты оқушының әлеуметтік жағдайы мен қарым-қатынасын зерттеу арқылы қолайлы орта қалыптастыру және «үштік одақтың» жұмысын жандандыру болып табылады екен.

Сонымен қатар, оқушының сабақ үлгерімін, тәртібін, уақытын тиімді пайдалануын қадағалау арқылы қызығушылығын ояту, ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, оқушы бойындағы жеке қабілетін дамыту арқылы шығармашылық ізденіске баулу. Бұдан шығатын қорытынды әр оқушы өзінің қабілеттіліктерін, ерекшіліктерін байқайды. Белгілі бір бағыт-бағдарлы жұмыс түрін үйренеді. Оқушылардың шығармашылық ізденіс деңгейі анықталады. Мұғалім мен ана-ана оқушы байланысы тұрақталады, оқушы қоғамдық ортада өзінің қажеттілік орынын сезінеді, оқушылардың қызығушылық қасиеттері артуына сеп болмақ.

Мектептің 2021-2022 оқу жылындағы спорт түрлерінен жеткен жетістіктері де баршылық. Мектеп ұлттық мектеп лигасына қатысып, көптеген нәтижеге қол жеткізген. Айтар болсақ, 16 оқушы I – орын алса, 8 оқушы 2 – орын, 6 оқушы 3 орынға ие болған. Олар: баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, жеңіл атлетика стритбол, және басқа спорт түрлерінен, ұлттық ойындардан тоғызкұмалақ, асық ату, бес асық және басқа спорт түрлерінен. Мектеп ұлттық лигасында барлық спорт түрлеріне қатысып, жалпы командалық сайыста Сауран ауданы бойынша I-орынға ие болыпты. Облыстық іріктеу жарысына мектеп оқушылары 16 спорт түрінен қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, гандбол II-орын   ұлдар, III  – орын   қыздар, стритбол III –орын ұлдар. Аталмыш жарысқа облыс жүлдегерлерін дайындаған мұғалімдер М.Палпиев, З.Абдуламитов, З.Ахмедов, Д.Беханов, Б.Абдуламитов.

А.Югнаки атындағы мектебінің оқушылары облыстық «QAUCAR» әскери-патриоттық сайысына қатысып,  жүлделі III-орынға ие болған.  Мектеп оқушылары бокстан республикалық жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Айтар болсақ, бокстан Алматыда өткен республикалық ашық біріншілігінде жүлделі 10 орынды иеленіп, командалық есепте 1-орыннан көрінген. 2022 жыл сәуір айында Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы республикалық жарыста  3 оқушы жүлдеге қол жеткізген. Осы жарыста үздік боксшылар атанған оқушылар Анвар Идрисов, Бехруз Усманов, Дамир Абдураимов, Шохриер Фахрридинов, Бекназар Ержигитов, Диер Асановтар Сидней олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ибрагимовтың қолынан марапатталған, жаттықтырушылары  Шахзод Қаюмов.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы