СІБІР ЖАРАСЫ АСА ҚАУІПТІ

729 көрілім

Сібір жарасы – адам және жануарлардың жоғары өлімімен өтетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді, топырақта ол ондаған жылдар бойы сақтала алады. Ауру жеке органды ғана емес, тұтас ағзаны да зақымдайды. Инфекция көзі науқас жануарлар болып табылады: ірі қара мал, жылқылар, есектер, қойлар, ешкілер, бұғылар, түйелер. Аурудың негізгі жұғу жолы – су арқылы, жем арқылы.

Адам ауру жануарлардан, мал сойғанда, малға күтім көрсеткенде, асқа ауру малдың етін, сүтін қабылдағанда жұқтырады. Аурудың формасына байланысты адамда дене қызуының көтеріліуі, тері жарасы, ісіну, ауыр формаларында  қанды іш өту және құсу,  өкпе аурулары, жүрек әлсіздігі пайда болады. Емдеусіз ауру өліммен аяқталады.

Алдын алу шаралары: 

 Сібір жарасынан қайтыс болған мәйіттердің көмген орындарын анықтау, есепке алу және залалсыздандыру шаралары. Сібір жарасы бойынша қолайсыз аймақтардағы жануарлардың екпесін жүргізу.

Сібір жарасын жұқтырған немесе күдіктелген жануарларды дереу оқшаулау.

Қолайсыз тұрғын аймақтарынан жануарлардың әкелінуі мен әкетілуін, ет, сүт және тері шикізаттарының шығарылуын болдырмау.

 Барлық күдікті жағдайлар және малдың қырылуы жайлы дереу түрде ветеринарлық мекемелерге ақпарат беру.

                                          НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Өзіңіздің денсаулығыңызды қауіп-қатерден сақтау үшін тағамға қолданылатын мал өнімдерін, оларды өңдеуден өткізу тек қана ветеринар сараптамасынан кейін ғана қолданғаныңыз жөн!

Сараптамадан өткен етті сатып алсаңыз да, өзіңізге ереже етіңіз: етті үйде қолғаппен бөлу керек, тақтай, пышақ тек қана шикі етке ғана арналған болуы керек. Оларды ыстық сумен кір сабынмен жуып, қайнаған сумен шайыңыз.

А.Кудабаева

Түркістан қалалық СЭББ бас маманы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы