«КЕРУЕН САРАЙДЫҢ» ЖЕРТӨЛЕСІ АВТОТҰРАҚ

570 көрілім

Облыс орталығы тұрғындары мен қала қонақтары үшін сапалы қызмет көрсетіп келе  жатқан қоғамдық тамақтану орны – «Керуен Сарай» дәмханасы депайта аламыз.

Тәуелсіздік жылдарында мұнда Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан сынды көптеген Мемлекет басшылары Түркістанға сапары кезінде түскі асты «Керуен Сарайдан» ішкендігі ұмытылмас тарих. 2018 жылы 19 маусымынан бастап облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістан қаласында бүгінде автотұрақ қажеттілігі туындап отырғаны жасырын емес.

Бұл мәселе қаламызда біртіндеп өз шешімін тауып келеді. Өткен жылы белгілі кәсіпкер Бахадыр Ирсметовтың бастамасымен «Керуен Сарай» кешені аумағынан жерасты автотұрағы салынды. Бұл – кәсіпкер Қайрат Акешовтің «VERSAL» тойханасы астындағы жерасты автотұрағынан кейін Түркістандағы екінші жерасты автотұрақ саналады. Жерасты автотұрағының күзетшісі Жасур Абдужаббаровтың айтуынша автотұрақ 35 көлікке ыңғайластырылған. Әсіресе, түскі мезгілде көліктер көп болады. «Керуен Сарайға» келген тұтынушылар жерасты автотұрағына көлігін қойып, заманауи лифт арқылы жоғарыға көтерілуі үшін барлық жағдай қарастырылған.

Қаладағы бұл жаңалық әсіресе, қалаға алыс-жақыннан келген зияратшы – туристер үшін де өте қолайлы. «Керуен Сарайдың» бұрыңғы автотұрақ орны жазғы кафе, балмұздақ және салқын сусындар сатылатын сауда орынға айналып, халыққа қызмет көрсететін болады.

Ш.МАДАЛИЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы