ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІН ҚАРСЫ АЛДЫ

905 көрілім


Барша жамағат асыға күткен Қадір түні де келіп жетті. Дәл осы мың айдан да қайырлы түнде шаһар басшысы Н.Тұрашбеков қалалық «Яссы» орталық мешітінде болып, жиналған жамағатпен бірге дұға жасады. Сондай-ақ, қала әкімі түркістандықтарды айлардың сұлтаны Рамазанмен құттықтап, елімізге амандық тілеп, жүрекжарды лебізін жеткізді.

Өз кезегінде қаламыздың бас имамы да Рамазан айының қадір-қасиетін, маңызын түсіндіріп, жұртшылыққа тағылымы мол, ғибратқа толы уағыздар айтты.

Сонымен қатар, М.Жұмадуллаев жиналған жамағат алдында «Яссы» мешітінің жөндеу жұмыстарын бастауға себеп болған және көмек берген ел азаматтарын алғыс хатпен марапаттап, бір ай бойы аталған мешітте қызмет еткен Қырғызстаннан келген қари Алмазбек Алиевке рақметін білдірді.


Қасиетті Қадір түніне арналған бағдарламаға сәйкес «Яссы» мешітінде таң бозарып атқанша Аллаға құлшылық етіліп, рухани кемелденуге сеп болатын тәлімдік, танымдық уағыздар айтылды. Мұсылманның басты мерекесінде тілеген тілектеріңіз қабыл болсын!


Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы