БЕЙБАРЫС ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫНДА БАҚ СЫНАМАҚ

616 көрілім

Бүгін Түркістан қаласы, Қазыбек би көшесінде орналасқан ХҚТУ спорт залында Астана күніне орай, ұйымдастырылған қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне қалалық іріктеу жарысы өтті.

Шараға Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Күзембаев, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Сүлеймен Арыстанов, Ғалымжан Құдияров қатысып, жарыстың ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, палуандарға сәттілік тіледі.

Жылда өтетін дәстүрлі додаға сақадай сайланып келген түйе палуандар тайсалмас жігерімен көрерменнің көзайымы болды.

Қорытынды бәсекеде Айдарбек Тоқтарбек пен Әбдіғани Бейбарыс белдесіп, Бейбарыс атына заты сай өнер көрсетіп, республикалық «Қазақстан барысы» турниріне жолдама алды.

Айдарбек Тоқтарбек екінші орынды еншілесе, Ерболат Әліакбар қола медалды қанағат тұтты. Жеңімпаздарға медаль және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Тілеубек БАТЫС

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы