- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Брифингте Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Сайрам ауданында өндірістік әлеуетті арттыру мақсатында биыл жалпы құны 7,4 млрд теңгені құрайтын екі жоба іске қосылатындығын айтты. Олар «Зәуре ШҚ» жылыжай жобасы мен «Бексұлтан» ЖШС 21 мың бас малға арналған бордақылау кешені жүзеге аспақ.
«Ауданның жалпы өнімінің 56% ауыл шаруашылығының үлесінде болып, 110 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Биылғы жылы межені 120 млрд теңгеге жеткізіп, өнімді 9%-ға арттыру көзделуде. Өткен жылы 101 гектарға тамшылатып суару жүйесі енгізілді. Бір алқаптан жылына екі рет өнім алу жобасының негізінде бірінші айналымда 275 гектар жерден 5,4 мың тонна өнім алынды. Ал, екінші айналымда 260 гектар жерден 6 мың тонна өнім алынған болатын»- деді Ұласбек Сәдібекұлы.