ЖЕТІКӨЛ КӨЛДЕР ЖҮЙЕСІНДЕ ҚҰСТАР МЕН БАЛЫҚТАР САНЫ АРТҚАН

854 көрілім

Түркістан облысы, Отырар ауданындағы Жетікөл көлдер жүйесінде құстар мен балықтар саны артып, аталған көлде құстың 200-ден астам түрі мекендеп жатыр. Ең бастысы – су көлемі анағұрлым молайды. Судың молаюы – облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен әрі қолдауымен, ғалымдар мен осы салаға жауапты азаматтардың еңбегі арқылы қол жеткен жетістік. Облыс әкімі Жетікөл және «Кеңсай-Қосқорған-2» су реттегішіне арнайы барып, жай-күйімен танысты. Үш жылдан астам уақыттан бері Түркістан облысында су қоймалар салу, ағын суды молайту, көлдерді қалпына келтіру бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр.

 Түркістан қаласына 234 млн. текше метр ағын су жетіспейтіні анықталып, облыс басшылығы, ел ақсақалдары мен осы сала мамандарының, ғалымдардың ақылдасуымен 248,8 млн. текше метр ағын су жеткізу жолы табылды. Сол жобаның бірі – «Кеңсай-Қосқорған-2» су реттегіші. Оның құрылысы 2021 жылы аяқталған. Жоба аясында 30 млн. текше метрден астам ағын су жеткізіледі деп жоспарланып, қазірдің өзінде 14 млн. текше метр су жиналып үлгерді. Түркістан қаласы маңындағы су нысандарын әуеден бақылаған облыс әкімі Отырар ауданындағы Жетікөлге барып, табиғат жанашырлары мен инспекторлармен, аңшылармен кездесті.

– Ағын суды молайту, тиімді пайдалану бағытында аса маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр. «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» жобасының құрылысы арқылы 34 шақырымға  бөгет жасалынып, көлге 370 млн. м3 су тасталынды. Бүгінгі күннің өзінде көл аумағының фаунасы өзгеріп, табиғи құстар шоғыры пайда болды. Ендігі кезекте мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауды тиімді пайдаланып, құстар мен балықтардың көбеюіне жағдай жасау қажет. Браконьерлермен күрес күшейтілсін. Екінші кезекте аңшылық туризмін заман талабына сай дамытқан жөн. Осы көлдер жүйесінде кәсіпкерлікпен айналысып жүрген кәсіпкерлерге су көзін орынсыз әрі тиімсіз пайдалануға жол берілмейді. Аңшылық туризмін дамыту үшін келушілерге тиімді жағдай жасап, ақпараттандыру мәселесін де қолға алыңыздар. Ең басты міндет – табиғат пен суда тіршілік ететін құстарды, балықтарды қорғау. Жасыл алқаптарды көбейту. Екіншіден, аңшылық туризмін заң талабына сай дамыту да маңызды, – деген Өмірзақ Шөкеев табиғат жанашырларының пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы