ТҮРКІСТАНДЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

588 көрілім

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында облыстық полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың қатысуымен марапаттау рәсімі өтті. Облыстың бас полицейі өздеріне жүктелген міндетті сапалы орындап, қылмыстың ізін суытпай ашуға ықпал еткен тәртіп сақшыларын Құқық қорғау заңына сәйкес арнайы марапаттады.

Олар Түркістан ҚПБ-ның жедел басқару орталығы күшпен құралдарды басқару тобының инспекторы полиция капитаны Санжарбек Абдаев пен Түркістан ҚПБ патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы Нұрболат Дарбичев. Аталған қызметкерлер Түркістан облысы Полиция департаментінің «Грамотасымен» марапатталды.

Сонымен қатар, генерал М.Қабденов Алматы қаласы «Айтэй» полигонында өткен практикалық атудан жүлделі орын алған қызметкерлерді құттықтап, құрмет көрсетті. Сәуір айының 22-24 күндері аралығында еліміздің барлық өңірлерінен жиналған бөлініс қызметкерлері арасында атудан жарыс өткен.

Аталған сайыста топ жарып, жүлделі III-орынға ие болғаны үшін ТО ПД-нің оқу жаттығу взводының аға инспекторы полиция капитаны Асылбек Ибрагимов, полиция капитаны Жәнібек Айдарбек және полиция аға лейтенанты Есімжан Қалыбаев, полиция лейтенанты Аббазхан Тілеуханов арнайы диплом, медальмен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы