ТҮРКІСТАНДА “QAISAR” ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

906 көрілім

Түркістанда қаласында «AMANAT» партиясының модернизациялау бағдарламасы аясында жаңа “QAISAR” әскери-патриоттық жобасы алғаш рет аймақтық іріктеу ойындары ретінде өткізілді. Жобаның мақсаты – жастар арасында патриотизм мен моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастырып, жетілдіру.

Жоба «Яссы» БПҰ қайтымды жарнасының 20% есебінен және облыстық жас депутаттар корпусының қолдауымен жүзеге асырылды.«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы жастар қанатының төрағасы Жансерік Жұманның айтуынша жарысқа 10-11 сынып оқушылары қатысып, ІІ кезең бойынша іріктеуден өтті.

Спорттық сайыстарға әскер алды дайындықтан үздік деп танылған 6 аудандағы 11 мектептен оқушылар келді. Әр мектеп құрамында 3 ұл, 2 қыздан бақ сынасты.Бірінші кезең «Түркістан Арена» стадионында өткізіліп, ұлдар арасында 3000 метр қашықтыққа, ал қыздар арасында 1000 метрге жүгіру бойынша жарыс болды. Келесі іріктеу кезеңі «OLIMPIC» орталығында ұйымдастырылып, қатысушылар су спортынан жарысты.

Іріктеудің қос кезеңінің қорытындысы келесідей болды.
І орын: Кентау қаласы, М.Қашқари атындағы ЖОМ, ІІ орын: Сарыағаш ауданы, №75 Ж.Жабаев атындағы ЖОМ, ІІІ орын: Сауран ауданы, А.Югнаки атындағы ЖББМ иеленді.

Аймақтық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары Алматы қаласында мамыр айының 3-6 күндері аралығында өтетін республикалық турнирде Түркістан облысының намысын қорғайтын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы