Түркістан облысы Қазығұрт, Сарыағаш, Кентау аумақтарында қатты жел соғудың әсерінен болған жағдайға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың 100-ден аса қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Олар 15 бірлік техника, 13 мотопомпа күштерімен суды сору және арықтарды тазалау жұмыстарын пысықтап жатыр. Табиғи апат салдарынан 50 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Адам шығыны жоқ. 370 бас мал шығыны орын алды. Орын алған жағдайға байланысты, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды.

Облыстық бюджеттің резервтік қорынан қаржы қаралып, келесідей көмек көрсетілетін болады: 1. Үй жануарларының шығынына ережеге сәйкес өтемақы төленеді;2. Тұрғын үйлер қайта қалпына келтіріледі;3. Ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатыры қалпына келтіріледі;4. Шаруашылық ғимараттарды қалпына келтіруге көмек көрсетіледі; Қазіргі таңда, комиссия тарапынан орын алған шығындар көлемі есептелуде.