ЖЕТІСАЙДА ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАЛАРЫН БҰЗҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

491 көрілім

Түркістан облысына қарасты Жетісай АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары өз аумақтарындағы тексеру жұмыстары кезінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзған 15 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ заңсыз балық аулау бойынша 2 қылмыс анықталып, ҚР ҚК-нің 335-бабы бойынша тіркеуге алынды.

Аталмыш браконьерлікпен айналысқан жергілікті тұрғындардан жалпы заңсыз ауланған 142 кг балық, 1 дана қайық, 2 дана жарық беру құралы және моноталшықтан жасалған 700 метрден астам қытай ау-торы айғақтық зат ретінде тәркіленіп алынды. Анықталған 15 құқықбұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабымен хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетейік «Уылдырық» жедел-профилактикалық шарасы ағымдағы жылдың 01-сәуірі мен 31-мамыр күндер аралығында өткізілуде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғатты қорғауға шақыра отырып, балық аулауға тыйым салынған уақыт аралығында балық аулаудан бас тартуды сұрайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы