Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаевтың мәлімдемесіне сәйкес, Қазығұрт ауданының 4 елді мекенінде және Сарыағаш ауданының 1 ауылында жауын-шашын салдарынан су басқан аумақтардан 50 адам эвакуацияланып, олар әзірше туыстарының үйіне жайғастырылды. Жауынның әсерінен 53 үйдің ауласына, 18 үй мен 1 мейрамхана, 16 ғимарат ішінде су кірген. Қазіргі таңда суға кеткен үй жануарларының саны анықталуда.

«Құтқару жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 56 және жергілікті атқарушы органдардың 19 қызметкері жұмылдырылды. Олар 15 бірлік техника, 11 мотопомпа күштерімен суды сору және арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты аудан әкімдігінің жедел желісі іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылуда», – деді Ерік Темірханұлы.