70 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕЙ ҚҰЖАТТАНДЫРЫЛДЫ

497 көрілім

Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында 20 жылдан бері төлқұжатсыз жүрген 70 жастағы Атиш Баяноваға полицейлер құжаттандыруға көмек берді. Әже 2002 жылы Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына көшіп келіп, құжаттарын жоғалтып алған. Содан бері 20 жыл бойына құжатсыз жүрген. Өтінішті алысымен көші-қон полицейлері бірден тіркеуге алып, шұғыл түрде құжаттарын рәсімдеген.

Бүгінде көпті көрген кейуана 2 ұл 3 қыз өсіріп, одан 18 немере 4 шөбере сүйіп отырған әже өз алғысын жеткізді.

«Мен осы құжаттарымды алу үшін өтініш білдірген едім. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет. Жасымды сыйлап, аз уақыттың ішінде бітіріп берді. Жұмыстарың алға баса берсін»,- деді.
Өздеріңіздің құқықтық мәртебелеріңізді айқындау бойынша сұрақ туындаған жағдайда, сіздер, тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша көші-қон қызметіне жүгінуіңізге болады!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы