ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫН ЖАУЫННЫҢ САЛДАРЫНАН СУ БАСТЫ

704 көрілім

Қазығұрт Ауданы әкімдігінің мәліметінше, кеше 24 сәуір күнгі жауынның салдарынан сай саладан келген су үйлер мен қора жайларды шайып кеткен. Қазығұрт ауданындағы бес ауылды су басып, 50 шақты үйге су кіріп, 200-дей малдың шығыны тіркелген. Тасқын болған жерлерге төтенше жағдайлар қызметі мен арнайы мекемелер шақырылып, техника тартылған. Қақпақ, Сарапхана, Шанақ, Қызылқия, Қарабау ауыл округтерінде болған жағдайларды қалыпқа келтіру бойынша жауыннан жиналған суды сорғыту жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда су басқан үйлерден су шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Сарапхана ауылдық округі, Сарапхана, Жіңішке елді мекенін су басқан. Сарапхана елді мекенінде 200-дей мал, Қақпақ елді мекенінде 200-ге жуық (қой, ешкі) мал шығынға ұшыраған. Қарабау ауыл округі Қарабау елді мекенінде 15 үйге су кірген. Қызылқия ауыл округі Тұғыртас елді мекеніне 1 үйге, Қызылсеңгір елді мекеніне 12 үйге су кірген. Аудан әкімі осы аталған жайттарды қалпына келтіру және шығындарын есептеу жөнінде шұғыл тапсырма берді», делінген аудан әкімдігінің мәліметінде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы