ЖЕТПІСТІ АЛҚЫМДАҒАН ЖИҺАНГЕЗ ҚАРТ

565 көрілім

Бүгін Ұлытау өңірінен сапарын бастаған Сәрсенбай ақсақал киелі Түркістан шаһарына жетті. Жетпіс жасты алқымдаған қарт 31 наурыз күні Ұлытау облысынан шығып, 4 сәуір күні Жезқазғанға, 13 сәуір Қызылорда қаласына жеткен.

Қарияның айтуынша жол-жөнекей барлық аудан-қалалардың қызу қарсы қошеметпен алуына бөленген. Ендігі сапары Шымкен, Тараз, Алматыға жалғасып, соңғы нүктесін Ақтау қаласынан аяқтауды жоспарлауда.

Күніне 40 шақырым жол жүруді әдет қылған қарт республиканың 20 облысын түгелдей аралап, геннестің рекордтар кітабына енуді алдына мақсат тұтыпты. Юнескодан арнайы тапсырма алғанын да айта кетті жиһангез қарт.

Биыл 72 жасқа толған Сәрсенбай ақсақалдың негізгі мамандығы ұсталық. Ұлытау өңірінің ұлттық өнерін насихаттау мақсатында жастайынан шеберлікпен айналысқан. Ұсталықпен қоса ел аралап, жер тануды ұнататын қарияның жол жүруіне сол қызығушылығы да түрткі болған екен. Біз жиһангез ақсақалдың ойға алған мақсатына жетіп, арманы орындалуына тілектестік білдіріп, алдағы сапарына сәттілік тіледік.

Қаршыға ШОМБАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы