Түркістан облысында Мақтаарал ауданына қарасты Мырзакент және Атакент кенттерімен, Достық, Ж.Нұрлыбаев, Жаңажол, Еңбекші, Иіржар, Бірлік, Жамбыл, Мақтаарал және А.Қалыбеков ауыл әкімшіліктеріне бекітілген Мақтаарал АПБ-ның жергілікті полиция қызметінің 49 учаскелік полиция инспекторлары 2022 жылдың 3 айында жасаған жұмыстары бойынша тұрғындарға есеп беру кездесуін өткізді.
Онда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жыл «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстар талқыланды. 2021-2023 жылдарға арналған «Мүлікті қорғау» бағдарламасының тапсырмасын орындау, аудан көлеміндегі мал ұрлығы қылмыстарын және жол-көлік оқиғаларын, сондай-ақ орын алған басқа да қылмыстарды болдырмауда жүйелі жұмыстардың нәтижелері айтылды.
