Түркістан облысының полицейлері Түлкібаста құрылыс жұмыстары әлі бітпеген үйден тұрмыстық техникалар мен құрылысқа қажетті заттарын ұрлаған күдіктіні 1 тәулік ішінде ұстады. Жәбірленушіге келтірілген шығын 800 мың теңге. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарын бастап, өз істерін дер кезінде атқарған.
Ұсталған күдікті азамат Шымкент қаласының тұрғыны болып шыққан. Ұры жеке қажеттілігі үшін осындай әрекетке барған. Ол түнгі сағат 03:00 шамасында тұрғынның үйіне ұрлыққа түскен. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар, дүкенді ашық күйде қалдырмай, есік-терезелердің жабылғандығына толық көз жеткізіп алу тиіс дейді. Ұрлық орын алған сәтте, тез арада полицияның «102» телефоны арқылы хабар беріңіздер деп ескертеді.
