Түркістан облысы, Қазығұрт АПБ-ның бастығы полиция полковнигі Ерлан Тасполатов пен Қазығұрт ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағи Жуматуллаев ардагерлерді марапаттады.
Ел тыныштығын қорғауда қырағылық танытып, құқықтық тәртіпті заңдылықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Төлеш Жұқабаев пен Ауған соғысының ардагері, полиция старшинасы Тәліпбай Ақылбеков те арнайы құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ Ішкі істер органында абыройлы қызмет аткарып, 25 жыл бойы қауіпсіздікті қатаң күзеткен ардагерлерге құрмет көрсетілді.
