ОРДАБАСЫДА ЕСІРТКІ ӨСІРГЕН ТҰРҒЫН АНЫҚТАЛДЫ

601 көрілім

Ордабасы ауданында тұратын азаматша үйінің ауласына есірткі өсіріп жүрген. Ордабасы АПБ-нің ЖПҚ УПИ полиция аға лейтенанты Бақытжан Тұрсынбаев аумақты аралап, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында бұл жайтты анықтады. ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Тексеру барысында күдіктінің ауласынан түбі қопсытылып, суғарылып, күтіп-бапталған 5 түп жасыл түсті, өзіне тән айрықша хош иісі бар, есірткіге ұқсас өсімдік заты анықталған. Айғақ зат ретінде тәркілеп, тиісті сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдік «сора» болып шыққан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы