ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

726 көрілім

Түркістан облыстық сотының ұйымдастыруымен Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, Түркістан облысының ішкі істер Департаменті тергеу басқармасының жеке құрамы және Түркістан облыстық, Түркістан, Кентау қалалық, Сауран аудандық прокуратураларының өкілдері қатысты. Бұдан бөлек, жиынға Түркістан облысы бойынша полиция басқармалары онлайн қатысып, пікір алмасты.
Шараға қатысқан Түркістан облыстық сотының судьясы Бүркіт Байдуллаев тергеу сапасына қойылатын талаптары жөнінде мәлімет берді. Өз кезегінде Түркістан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қанатбек Қоңырбаев кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты қылмыстық істер бойынша кездесетін процессуалды және материалдық заң бұзушылықтар туралы хабарлама жасады. Атап айтқанда сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында тергеуші, айыпталушы тарапынан кәмелет жасына толмағанын ескере отырып, олардың Конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақталуының қажеттілігі айтылды. Түркістан қаласының прокуратурасының прокуроры Дидара Абдрасилова тергеу қызметкерлеріне сотқа дейінгі тергеп, тексеру барысында заң бұзушылықтарға жол бермеу керектігін атап өтті. Жиын барысында құқық қорғау саласының қызметкерлері күн тәртібіндегі мәселе бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы