ҚАЛА ӘКІМІ «БЕКЗАТ» КОМАНДАСЫН ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

953 көрілім

Өскемен қаласында өткен оқушылар арасындағы волейбол ойынынан ҚР Ұлттық мектеп лигасында Түркістан қалалық Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп оқушылары топ жарды. Бүгін таңнан тұрып Түркістан темір жолы вокзалынан күтіп алған жеңімпаздарды Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков арнайы қабылдады.

Кездесуде қала әкімі спортшылардың жеңісіне алғыс білдіріп, алдағы болатын жарыстарына қолдау білдіретінін айтып, сәттілік тіледі. 9-10-11 сынып арасындағы волейбол құрама командасының аты Түркістанның төл тумасы, мақтанышы  Саттарханов Бекзаттың құрметіне «Бекзат» атымен аталған. Біз де «Бекзат» командасына батыр Бекзаттың жолын берсін деген ақжолтай тілегімізді білдіреміз!

Қаршыға ШОМБАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы