11 АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗДЫ ТҰТЫНЫП ОТЫР

701 көрілім

Бәйдібек ауданындағы Мыңбұлақ пен Бестоғайдағы 300-ге жуық отбасы ендігі кезекте көмір тасып, күл шығармайтын болдық деп қуанып, аудан басшылығына алғыстарын білдірді. Бәйдібек ауданында 2015 жылы магистралды газ құбырының құрылысы жүргізіліп, аудан орталығына газ берілген болатын.

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған екі ауылды қосқанда аудандағы 11 ауыл табиғи газбен қамтылып отыр. Алдағы уақытта белгіленген күнге дейін Жүзімдік, Ақбұлақ, Қосбұлақ, Қайнарбұлақ, Мәдениет және Ынтымақ ауылдарына газ беріледі деп жоспарлануда. Одан бөлек қазіргі таңда бес елді мекенді газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы