ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТАҒЫ ДА ТОП ЖАРДЫ

926 көрілім

Бүгін Түркістан теміржол вокзалында волейбол ойынынан ҚР Ұлттық мектеп лигасында топ жарған Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп оқушыларын қарсы алу рәсімі өтті. Есіңізге сала кетейік, Өскемен қаласында өткен оқушылар арасындағы дүбірлі додада аталған қыздар құрамасы осымен екінші мәрте жеңіс тұғырынан көрініп отыр.

Облыс мақтаныштарын қарсы алу жиынында облыстық білім бөлімінің басшылары мен №18 мектеп ұстаздары шәкірттерге ақ тілегін айтып, алдағы додаларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Әбдіжаппар Сәкенұлы шәкірттерді даярлап, биік шыңдарға жетелеген  мектеп ұстаздарына және оқушылардың ата-аналарына алғыс білдірді. 

– Өткен жылы жеткен  жеңісті жолды биыл да жалғап, жүзден жүйрік шыққан қыздар құрамасының жетістігі көпке үлгі. Болашақ ұрпақ сіздерден үлгі алып, спортқа бейім боп өсіп, үлкен табысқа жетсін деп тілеймін! – деді ол. Салтанатты шара барысында сөз алған оқушылардың ата-аналары да қуанышқа ортақтасқан қауымға ризашылықтарын жаудырды.

Аталған жиын соңында  республикалық лигада жеңімпаз атанған түркістандық құрамасының бапкері Нұржігіт Шектібаев ұшпа доптың ұшқырлары жиналған тартысты жарыстың кубогын келер жылы да абыроймен қорғап қалуға барын салатынын жеткізді.

Дәурен ТІЛЕУХАН. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы