Түркістан қаласында базарлардағы әлеуметтік маңызы бар азық – түлік бағаларына мониторинг жасау үшін арнайы жұмысшы топ құрылып, азық – түлік бағасын қадағалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Арнайы құрылған топтың басшысы қала әкімінің орынбасары Жандос Тасов және жұмысшы топтың құрамында бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, бөлім мамандары да бар.

Жұмысшы топ бұл жолғы кезекті мониторингтік жұмысын “Қуаныш” ЖШС, “Алтын бұлақ”,”Барлық” және “Байсал Керім” нысандарын бақылады. Тексеру барысында 10% шектік бағадан асырып сатқан саудагерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда қаламызда баға тұрақтылығын сақтаудың жоспарлы жұмыстары атқарылып, қаладағы 30 сауда орындарына әлеуметтік бұрыштар орнатылу үстінде. Сондай ақ, 10 әлеуметтік дүкеннің құжаттары әзірленіп жатыр.