- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Созақ ауданында «Мен және менің полицейім» атты имидждік акция өтіп жатыр. Жиынға Шолаққорған ауылы әкімшілік аумағында орналасқан білім беру мекемелерінің жалпы 50-ге жуық оқушылар Созақ АПБ-ға экскурсия жасады. Оқушыларға қоғамдық орындардағы, жолдардағы (жолда жүру ережесі) жүріс-тұрыстың, таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде мінез-құлықтың негізгі ережелері туралы айтылды. Мұндағы негізгі мақсат оқушылардың бойындағы еліне деген патриоттық сезімдерін оята отырып, қылмыстық құқық бұзушылық пен қоғамдық қауіпсіздіктердің алдын алу мақсатында атқарылатын жұмыстармен таныстыру және полиция қызметіне деген сенімдерін арттыру болып табылады.

Сонымен қатар, оқушыларға Созақ ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімі, жедел басқару орталығы, уақытша ұстау изоляторы, криминалистика құралдары, атыс даярлығын өткізу тирі, көші-қон полиция бөлімшесі, азаматтарды қабылдау бөлмесі таныстырылып, қызметтік автокөліктері көрсетіліп, полицияның алдында тұрған негізгі міндеттері түсіндірілді.