Шардара ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне табиғатты қорғау инспекторы Шардара су қоймасында тексеру жұмыстары жүргізілу барысында браконьерлер ұсталған. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы Қытай ау торларын пайдаланып, заңсыз балық аулап жүрген 2 тұрғынды анықтаған. Сонымен қатар заңсыз аулаған 140 келі сазан, 11 келі дөңмаңдай, 1 келі көксерке балықтары тәркіленді. Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің мән-жайын анықтау үшін бірден аудандық полиция бөліміне жеткізген.
Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі “Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулау, сондай-ақ Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіргендер заң аясында жауапқа тартылатындығын жеткізді.