ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

830 көрілім

Бүгін облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында облыстық қоғамдық кеңестің №3 отырысы өтті.

Жиында арнайы бекітілген күн тәртібі мен жұмыс жоспарына сәйкес бірқатар мәселелер талқыланды. Биылғы жылы бөлінген қаржыны игеру және өткен жылдардағы нәтижелерді салыстыру көзделген кезекті жиналысты кеңес төрағасы Б.Жылқышиев бастады.

Сондай-ақ, аталған шарада облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов облыстық көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндама оқыды.  Бұдан бөлек бірнеше баяндама оқылып, қатысушылардың сұрақтары мен пікірлері тыңдалды.  Кеңес барысында түйткілді мәселелерді шешу жолдары да ұсынылды. 

Мәселен, қаламыздағы шағын көшелерге егілген ағаштарды тамшылатып суару жұмыстары жайлы сын пікірлер айтылса, агробіліктілікті арттыру үшін арнайы орталық ашу және  осы арқылы ауыл шаруашылығына арналған жаңа, сапалы жобалар даярлау секілді ұсыныстар ортаға тасталды.

Жиын соңында талқыланған мәселелер бойынша алдағы уақытта қарқынды жұмыс жасап, оң нәтиже көрсету жүктелді.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы