Түркістан облысы Қазақстандағы мал шаруашылығының дамуы бойынша көш бастап тұр. Елімізде экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75%, қой етінің 40% облыстың үлесінде. 30700 тонна ірі қара мал еті, 3200 тонна қой еті экспортқа жіберілген. Өткен жылдың ішінде 4 млн. тонна мал азығы жиналып, жоспар артығымен орындалған.

Осы жыл ылғал үнемдеу технологиялары өндірілген алқап 4 000 гектарға жеткізіледі. 1 262 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы алынып, 5%-ға жаңартылмақ. Алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 1,3 трлн. теңгеге жеткізу жоспарланып отқан көрінеді.

Егіс көлемі 845500 гектарға орналастырылып, жоспар 2100 гектарға артығымен орындалған. Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде көкөніс, бақша, картоп өнімдерінің түсімділігі орташа 50 центнерге көбейіп, өнім 2020 жылмен салыстырғанда 429 000 тоннаға артып, рекордтық көрсеткіш 3,3 млн. тонна өнім жиналған екен.