«ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ COVID-19: МЕДИА, МӘДЕНИЕТ, САЯСАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

841 көрілім

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қазақстан және covid-19: медиа, мәдениет, саясат» атты кітапбының тұсаукесері өтті. Кітаптың таныстырылымына университет ректоры Жанар Темірбекова, ректор өкілі, профессор доктор Женгиз Томар және “Фридрих Эберт” қорының өкілдері мен университет ұжымы, журналистика мамандығының студенттері және қала қонақтары қатысты. Профессор, журналист Бекжігіт Сердәлі жиынды ашып, модератор болып отырды.

Аталмыш кітапта COVID-19 пандемиясы кезіндегі Қазақстан медиясының мазмұны, дискурсы мен риторикасы жайында айтылып, Қазақстандағы медиа мәдениет және саясат призмасы тұрғысынан талданған. Авторлар медиа тілі мен контентін зерттеп, үкімет саясатының медиа арқылы қалай рецепцияланғанын, тұрмыстағы зорлық-зомбылық пен жалған ақпарат пен қастандық теориясының белең алған пандемия кезіндегі медианың рөлін, мәдениет пен өнердің сипатын толық көрсеткен.

Бұл монография Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Фридрих Эберт Қорының қолдауымен жарыққа шығып отыр. Таныстырылым барысында университ ректоры Жанар Амангелдіқызы жоба туралы және Монографиядағы «Жалған ақпарат және қастандық теориясы» тарауының басты қорытындары туралы баяндамасын түсіндірді.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясының ғылыми қызметкері Ворошилова Натальяның «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 пандемиясы кезіндегі ақпараттық саясатының Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына әсері» мақаласының басты қорытындары туралы баяндама жасап, өз пікірін білдірді.

Университет профессоры Молдияр Ергебековтың жоба туралы және Монографиядағы «Тіл, контент және дискурс» пен «Өнер және мәдениет» тараулардың басты қорытындары жайында баяндамасы тыңдалды. Сондай ақ, “Фридрих Эберт” қорының ғылыми қызметкерлері Мерейлім Қаленнің Фридрих Эберт қоры туралы және Монографиядағы «Саясат және күнделікті өмір» және Жібек Тоқташтың Монографиядағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» тарауының басты қорытындары туралы баяндамалары тыңдалып, сұрақ-жауапқа ұласты.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы