КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

977 көрілім

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына байланысты Мақтааралдық полицейлердің ұйымдастыруымен Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл мектебінде кіші футболдан мектепаралық жарыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалықты қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстауға шақыру болып табылады. Мектепаралық оқушылар арасында өткен кіші футболдан турнирге 6 команда қатысты. Нәтижесінде озық ойын көрсеткен Үкібаев жалпы орта мектебінің оқушылары I-орынды иеленді.

Ал II-орынды С.Мұқанов атындағы №40 мектеп оқушылары, III-орынды №38 жалпы орта мектебінің оқушылары жеңіп алды. Жүлделі орынды иеленген командалар Мақтаарал АПБ бастығының дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Полицейлер жас буындарға керемет ойын көрсеткендері үшін алғыстарын айтты. Полицейлер жасөспірімдерге тек пайдалы істермен шұғылдануға, спортпен айналысуға, теріс әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы