Түркістан облысында зорлық-зомбылықтың құрбандарына көмектесу мақсатында пилоттық жоба іске асуда. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен, ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен Түркістан облысында «Сексуалдық зорлық-зомбылықпен күресу және зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету» тақырыбында маңызы зор дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты – Мемлекет басшының Жолдауына қолдау білдіріп, сексуалдық зорлық-зомбылықпен күресу және зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру.

Бүгінде елімізде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп, оның құрбандарына қолдау көрсету жөнінде тиімді шаралар қабылдануда. Солардың бірі – Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2022 жылдың 10-сәуірінен бастап іске асып жатқан пилоттық жоба.

Дөңгелек үстел Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылары, тергеушілер, Әділет департаменті, , Қоғамдық денсаулық сақтау, Адами әлеуетті дамыту, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалары жөніндегі басқармаларының басшылары мен жауапты қызметкерлері, «Сенім-Ай» қоғамдық бірлестігінің және Түркістан қаласында орналасқан «Көмек» дағдарыс орталығының директоры қатысты.
