Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында, қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдану керектігі айтылды. Осы мақсатта түркістандық Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының иснпекторлары Түркістан облысы Полиция деапратментінің Азаматтарды қабылдау кеңсесінде «Ашық есік» күнін өткізді.

Іс-шараға 10-ға тарта қыз-келіншек келіп, полицейлерге өздерінің отбасылық-тұрмыстық саласына қатысты сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Яғни «Ашық есік» күніне келген 5 әйелге психологиялық-құқықтық кеңес беріліп, 2 әйелдің жұбайларына қатысты қылмыстық іс қозғау шаралары атқарылды. Сондай-ақ отбасында жақын адамдарына зорлық-зомбылық, қысым көріп жүрген әйелдерді қорғаушы полицей арулар, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға қысым көрген жағдайда не істеу керектігі жөнінде мәліметтер, кеңестер жазылған брошюралар таратты.
