«Nur Otan»париясы ұсынған «Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы аясында бокстан Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы жерлесіміз Сәкен Бибосынов бауырыммен канвассинг кездесу өткіздім.
Оның жас болса да елімізде оның ішінде өз қаламызда болып жатқан өзгерістерге мойын бұрып, оған өз пікірін білдіріп, ой қосуы менің жүрегіме жылулық ұялатты. Түркістанның көз алдымызда қарыштап дамуына өзінің шексіз ризашылығын білдірген ол, осындай ауқымды істердің атқарылуына сіздердің де үлестеріңіз мол деп халық қалаулыларына өз атынан алғысын айтты.
«Болар елдің ұлдары бірін бірі батыр дейді», – деген халқымыздың дана сөзі міне осы ініме арнап айтылғандай . Алар асуың, шығар жеңісің көп болсын Сакенжан!
Мәди АМАНЖОЛ,
«NUR OTAN» партиясы, Түркістан қалалық мәслихат депутаты.