ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ – «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2025» АЯСЫНДА ІСКЕ АСУДА

1  471 көрілім

Түркістан қаласының мәслихат депутаты ретінде индустриалды аймақтың бүгінгі жұмыстарымен танысып, бақылап қайттым. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту аясында Түркістанды индустриалды қала ретінде дамытуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қабылданған «Бизнестің жол картасы-2025», «Қара¬пайым заттар экономикасы» және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламалары табысты іске асырылып жатыр деуге негіз бар.

Түркістанда 2015-2020 жылдар аралығында 14 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өтіп, индустриалды аймаққа біріктірілген болатын. Қай жағынан алып қарасақ та, Түркістанда іске асырылып жатқан бұл жобаның өңірге әкелер пайдасы өте зор. Және өздеріңіз білетіндей, бұл жоба тікелей Nur Otan партиясының қолдауымен іске асырылуда.

Бүгінде өнеркәсіп көлемін арттыру мақсатында қолданыстағы 40 га жер телімі қосымша 310 гектарға ұлғайтып, инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде. Тұрақты түрде индустриалды аймақ жұмыс жасап, ел арасында кейбір кәсіпорындар өзіндік брендке ие болды.

Аталған жобаларға «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында қолдау көрсетілген. Алдағы уақытта, индустриалды аймақ өз нәтижесін беріп, елдің экономикалық өсіміне едіәуір үлес қоса алатынына сенімім мол!

Сакен ХАНДИЛЛАЕВ, Түркістан қалалық мәслихат депутаты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы