NUR OTAN-НАН КӨМЕК СҰРАҒАН СТУДЕНТ МӘСЕЛЕСІ ТАҒЫ ДА ҚАРАЛДЫ

876 көрілім

Түркістан облысының өңірлік “Кедергілер кеңесінің” кезекті отырысында ең өзекті деген екі мәселе қаралды. Олар: Жоғары білім алу кезіндегі білім алушының оқу ақысы (бакалавр); Жоғары оқу орындарына қарасты жатақханаларда тұру үшін төленетін төлем ақы. Бұл мәселе депутаттық қабылдауыма базынасын айтып келген студенттің шағымы негізінде қозғалды. Осыдан біраз уақыт бұрын жалынды жас, өзі белсенді студент жатақхана мен оқу ақысының биыл күрт қымбаттап кеткенін айтып, Nur Otan партиясынан көмек сұраған болатын.

Сол күні-ақ ХҚТУ ректорына арнайы хат жібердім. Алайда осы мәселе көпке дейін көкейде жүрді. Студенттерді алаңдатып жүрген мәселенің түйінін тарқату мақсатында Кедергілер кеңесіне ұсынуды жөн көрдім.ХҚТУ өкілдері жатақхана бағасының күрт қымбаттау себебін «Алынған ақшаны студенттердің өзіне жұмсаймыз» және «жатақхана бағасы бәрі бірдей 90 мың емес. Олар жағдайына қарай бағасы да әртүрлі» деген сөзбен түсіндіруге тырысты.

Бұл меніңше, білім алушыларды әлеуметтік жағдайына қарап бөліп қарауға тікелей итермелейтін қадам. Себебі қай студент люкс бөлмеде тұрғысы келмейді дейсіз? Жан-жағына қарайды, өзгелердің жағдайы жақсы жасалған бөлмеде жатқанын көрген білім алушы бейсаналы түрде люксқа ауысқысы келеді. Бұл рас. Одан кейінгі процесс айтпаса да түсінікті.

Кедергілер кеңесінде осы тақырыптардың барлығы қозғалды. ХҚТУ тарапынан келген арнайы өкілдерге бірнеше ұсыныстар тасталды. Одан бөлек, Халықаралық “Туризм және қонақжайлылық” университеті және “Сырдария” университетінің жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент өкілдері қатысты. Жоғарыда аталған 3 білім ордаларының жатақхана мен оқу ақысы сұралып, мониторинг жүргізу жұмыстарына ұсынылды.

Арнайы мониторинг жүріп, алдағы уақытта қайта шешім шығатын болады.

Сакен ХАДИЛЛАЕВ, Түркістан қалалық мәслихат депутаты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы