«Nur Otan» партиясының филиалында фракцияның кезекті отырысы өткен болатын. Кезекті жиынды фракция төрағасы ретінде жүргізіп отырдым. Жиында «Жергілікті полиция қызметінің» 2021 жылдың он айында атқарылған жұмыстарына тереңінен тоқталдық. Биылғы нәтиже мен атқарылған жұмыстардың барысын Жергілікті полиция орынбасары – подполковник Абдрахман Тоқбергенов түсіндіріп, баяндама жасады.
Атқарылған жұмыс көп, алайда фракция мұшелері тарапынан айтылған сын- ескертпелер де аз болған жоқ. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында жасалған қылмыс санының да былтырғы жылмен салыстырғанда біршама өскені белгілі болды.
Сондай-ақ, биыл өткен жылмен салыстырғанда құқық бұзушылықтардың біршама бағыттары бойынша төмендегенінен хабардар болдық. Отырыста 2021 жылдың он айында атқарылған жұмыстар сараланды. Фракция отырысында бөлім басшысының жылдық есебі тыңдала келе, бірнеше ұсыныстар айтылды.
Олар:
Қаладағы 6 сектор бойынша басқарма басшысы тиісті салалармен бірлесе отырып елдің алдына барып , халықпен ашық кездесулер ұйымдастыруды ұсынылды. Қала көлеміндегі заңсыз жолаушылар тасымалдау,Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық, Синтетикалық есірткінің таралуының алдын алу.
Ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу шаралары туралы Абдрахман Тоқбергеновтың есебі қаралып, ұсынылған мәселер нәтижесін алдағы фракция отырысында қайта қарауға шешім
Сакен ХАНДИЛЛАЕВ, Түркістан қалалық мәслихат депутаты