- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қайрымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі болып табылады. Осындай жандардың бірі әрі бірегейі деп жерлесіміз, жас кәсіпкер Жеңіс Серікбайұлы десек еш қателеспейміз. Мәулет айындағы қайырымдылық шаралары өз жалғасын тауып келеді.
Жақында қаланың бас имамы Мұхамеджан Жұмадуллаевтың ұйымдастыруымен «Шапағатым бір өзіңсің, Мұхаммед» атты қайырымдылық шарасына куә болған едік. Оған қала имамдарының мұрындық болуымен «Зекет» қайырымдылық қорының қолдауымен баспана ұсынылған 4 үйдің иелеріне 4 теледидарды Түркістан қалалық мәслихат хатшысы М.Таңғатаров тарту етсе, бір топ депутаттар көмекке мұқтаж 30 отбасыға азық-түлік тарқатқан болатын.

Күні кеше «Яссы» мешітінде қайырымдылық шарасы жалғасын тауып, Жеңіс Серікбайұлы 50-ге жуық тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж отбасыларына қажетті азық-түлік таратты. Айта кетерлік жәйт, Қыдыров Жеңіс Серікбайұлы бұл күндері туған жерден алыста жүрсе де өзінің перзенттік парызын қайырымдылық жасаумен ұштастырып жүрген азамат деп білеміз. Жеңіс бауырымыз Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің бакалавриатын 2018 жылы тәмамдап, магистрлік, докторлық бағыттағы ғылыми ізденістерін сәтті жалғастырып келеді. Қазіргі таңда «Астана қаласының жастар мәслихаты» қоғамдық ұйымының, әрі «SAT GLOBAL» ЖШС басшысы ретінде жемісті қызмет атқаруда. Осындай жауапты қызметте жүрсе де, көп жұмыстың арасынан қайырымдылық жасауды ұмыт қалдырған емес. Соның айқын айғағы туған жерге деген перзенттік парызын өтеуді басты міндетіне айналдырған.
Осы жылдың басында Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің түркі тілдес елдерден келген студент жастарына пандемия кезеңінде отбасыларына жете алмай қалған сәттерінде барынша материалдық, моралдық қолдау көрсетіп, жанашырлық танытып, 200-ге жуық отбасыға 50 мың теңгенің көлемінде, яғни 10 млн. теңгенің қолдауын көрсетіп, көпке үлгі болген еді. Бүгінде облыс орталығы атанған Түркістан қаласы туризм бағытында қарқынды дамып келеді. Осы тұста Жеңіс Серікбайұлының тағы игілікті ісін айтпай кетуге болмас. Ол «Әзірет Сұлтан» кесенесіне келген зияратшыларға соңғы екі ай көлемінде күніне 400-дей тандыр нанын тегін таратып келеді.
Әрине, қай қоғам болмасын өз даму жолында мұқтаждықта айналып өтпесі хақ. Сондай жандарға көмек қолын созуды өзінің парызы деп санайтын азамат Жеңіс Серікбайұлы барша түркістандықтардың алғысына бөленуде.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.