Бүгін Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясының ғимаратында, қалалық мәслихатының депутаты Мәди Аманжол азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындардың өтініштерін тыңдап және азаматтарды қабылдауға «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің атынан Болат Құрманжаев келді.

Болат Құрманжаев 10 адамға, осы бірлестік мүшелеріне әлеуметтік көмек пен бір реттік азық-түлік алуға көмек беруді сұрады. Сонымен қоса, Бейсенбаев Аманжол және Жойбеков Мұрат есімді қала тұрғындары бір реттік азық-түлік алу өтінішімен келді. Алдағы уақытта кәсіпкерлер мен қолдау көрсететкісі келетін азаматтармен бірлесе отырып көмек беріледі.
