«Фараб» кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жиырмаға жуық кітаптың авторы Жақиянова Алтыншаш Жұманқызымен кездесу кеші болып өтті.

Сүбелі сұхбат Алтыншаш Жақиянованың еліміздегі теңдесі жоқ кітапханаға деген ерекше арнауымен бастау алып, туған жер, анаға, әкеге деген сағыныш өлеңдері көрермен назарына ұсынылды.
«Түркістан танисың ба түлегіңді?» тақырыбында өткен жиынға Түркістан облысы Жазушылар одағының төрағасы, ақын Айдар Сейдазым, ақын Мұқағали Кенжетай.

Согымен қатар, Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастырушысы, инспекторлық бөлімінің бас маманы Ләззәт Жаманбайқызы қатысып өз ойларын ортаға салып, ақынға шығармашылық табыстар тіледі.
Сұхбат соңында ақын Алтыншаш Жұманқызы кітапханаға өз кітаптарын сыйға тартты.
Арайлым Мейрамханқызы.
