ҚАЙТҚАН МАЛДА, ҚАЙЫР БАР

762 көрілім

Қасиетті Тайқазанның Санкт-Петербургтегі Эрмитажға қалай барғаны туралы ең алғаш толық баяндаған мен екенімді несіне жасырайын. Кезінде жоғары – төменді мемлекеттік баспасөздерде жарияланды.

Киелі жәдігерді іздеуге алғаш амалдар жасаған, жасатқан да кемеңгер Өзбекәлі Жәнібеков екенін де, баспасөзде де, кітаптарымда да жариялап жүрмін. Ортан қол бір тілшіміз – «Тайқазанды әкелуге сіз де барыпсыз ғой», – дегені мені бей-жай қалдырмады. Эрмитаждан барып өзім алған құжаттарды оқырман қауымға таныстырғанды жөн көрдім. Жәдігерді алып келуге көлік ұйымдастырған, менсіз де, менімен де бірге барған жолдастар болғаны рас. Ол жайында әңгіме бөлек.

ТАЙҚАЗАН

Тарих – баян, сыр қылып,

Айтып келем, Тайқазан!

Елу төрт жыл қыдырып,

Қайтып келген, Тайқазан!

Әмір Темір кезінде,

Сыйға тартқан Тайқазан!

Таусылмайтын несібе,

Ғимаратқа, Тайқазан!

Айт дегенде ағайын,

Арқам қызған, Тайқазан!

Таңдайына талайдың,

Нәр тамызған, Тайқазан!

Пұлға толған кезінде,

Қызып тұрған, Тайқазан!

Әкімдердің өзін де,

Қызықтырған Тайқазан!

«Жаудан жылқы айырған»,

Ерлер кімнен кем екен?!

Қайтқан малда қайыр бар,

Енді кірді берекем!

Жезді тау кен және балқыту ісі тарихы мұражайының ұйымдастырылуы жөнінде «Мәңгілік мұра» атты кітаптың авторы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Одақтық дәрежедегі зейнеткер, Ауданның Құрметті азаматы, республикалық Ардагерлер ұйымы орталық кеңесін басқарған Мәкен Төрегельдин Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» музейіндегі Тайқазанның баламасын жасатып, Түркістан қаласындағы Есім хан алаңында тұрған балама Тайқазанды өз қаражатына жасаттырып, орналастырған.

Есім хан алаңындағы Тайқазанның баламасы: Мұқабаның сыртқы бетіндегі сурет текстімен бірге беріледі.

Нұрмахан НАЗАРОВ,

Қазақстанның Мәдениет қайраткері, түркістантанушы, «Түркістанға еңбегі сіңген» медаль иегері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы