БЕКЗАТ СЕКТОРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

702 көрілім

Бекзат секторында Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы сектор тұрғындарымен кездесу өткізді. Маңызды мәселелерді баяндаған тұрғындар, өз ұсыныстары мен өтініштерін жеткізді. Аумақта әлеуметтік дүкендер санын көбейту керектігі жөнінде сөз қозғалды. Асфальт төселмеген жолдар, жарық жүйесі мен жолаяқтар жүргізілмеген көшелердің жай-күйін ақсап тұр.

Аудандағы жолаяқтардың жүргізілу жұмыстары барысында кемшіліктер кетіп жатқандығын айтты. Мән-жаймен толық танысып шыққан Мақсат Асылбекұлы тиісті бөлімдерге хабарласа отырып, ұсыныстар мен шағымдар реттілігіне қарай орындалатындығын жеткізді.

Аймақтың әлеуметтік ахуалын арттыру мақсатында көпбалалы отбасыларға, жастарға қолдау білдіріп, жұмыссыздық санын азайту керектігін атап өтті. Әлеуметтік жобаларға көңіл бөлу арқылы, жұмыс орындар ашуға мүмкіндіктер жарату керектігіне тоқталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы