- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгін қалалық әкімдіктің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Аталған жиын қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Бөкебаевтың алғысөзімен ашылып, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Сариев Дәурен Нұрланұлының «Жаңа Қазақстанды құру және дамыту» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасты. Дөңгелек үстел барысында сөз алған облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева Жолдауда айтылған бастамаларға шолу жасап, Президентіміздің «БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту» секілді міндеттемелеріне ерекше тоқталды.
Сондай-ақ, жаңа саяси реформаларды қамтитын Жолдауды талқылауға арналған жиында қалалық мәслихат депутаты Сәрсенбаев Ғаппар Амантайұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» КММ директоры Айкөзов Сейдолла Ибадуллаұлы да өз ойларын ортаға салды.
Шара соңы еркін пікір алаңына айналып, қатысушылар жолдауда айтылған мәселелерге қатысты ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Дәурен ТІЛЕУХАН.